Accessibility links

Анна Политковскаяның өліміне қатысты негізгі күдікті ұсталды


Журналист Анна Политковская.
Журналист Анна Политковская.
Ресейлік журналист Анна Политковскаяның өлімі бойынша қылмыстық істегі негізгі күдікті Рустам Махмудов дүйсенбінің кешінде Шешенстанда ұсталғаны мәлім болды.

Бұл туралы журналистерге бүгін ағайынды Махмудовтардың бірінің адвокаты Мұса Мурадов хабарлады.

Бұған дейін Политковскаяның қазасына күдікті ретінде айып тағылған Джабраил және Ибрагим Махмудовтарды 2009 жылы ақпанда Ресейде алқабилер соты ақтап шығарған еді. Алайда кейін Жоғарғы сот ол шешімді бұзып, істі қайта тергеуге жіберген болатын.

Қылмыстық істі жүргізетін тергеушілер ағайынды үшеудің тағы бірі - Рустам Махмудовты журналистің өліміне кінәлі негізгі күдікті деп санайды.

Ресейде шығатын «Новая газета» басылымында істеген журналист Анна Политковская 2006 жылы қазанның 7-сі күні Мәскеудегі үйінің жанында атып өлтірілген болатын. Көпшілік журналистің қазасына оның кәсіби қызметі себеп болған деген болжамды негізге алады.
XS
SM
MD
LG