Accessibility links

«Фукусима» АЭС-інде газ жарылды


«Фукусима» атом электр станциясы.
«Фукусима» атом электр станциясы.
Биыл наурызда болған зілзала мен цунами салдарынан апатқа ұшыраған Жапониядағы «Фукусима» атом электр станциясында газ құйылған резервуар жарылған.

АЭС операторы TEPCO компаниясының хабарлауынша, төртінші реактордың жанында болған жарылыстан ешкім зардап шекпеген, радиация қаупі тіркелмеген.

Сонымен бірге бүгін АЭС-тен мұхитқа мұнай төгіліп жатқаны анықталып, ол ақау жойылды деп хабарланды.

Наурыздағы зілзаладан реакторлардың салқындату жүйесі істен шығып, үш реактордың отын өзектері зақымдануы салдарынан қоршаған ортаға радиация тараған болатын.

TEPCO компаниясы АЭС-тегі жағдайды алдағы жылдың қаңтар айына дейін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG