Accessibility links

Беларусь халықаралық валюта қорынан қарыз сұрады


Минскіде ақша айырбастайтын жерде кезекте тұрған адамдар. Беларусь, 20 мамыр 2011 жыл.

Минскіде ақша айырбастайтын жерде кезекте тұрған адамдар. Беларусь, 20 мамыр 2011 жыл.

Беларусь үкіметі мен ұлттық банкі халықаралық валюта қорынан қарыз сұрап өтініш жасады.

Беларусь несиені ұлттық валютасын тұрақтандыруға сұраған. Алайда қанша қаржы сұрап отырғаны айтылмайды.

Бұған дейін Еуразия экономикалық қауымдастығының дағдарысқа қарсы қорынан үш миллиард доллар сұраған Минск, алдын ала деректер бойынша, алғашқы траншты осы жазда алмақшы.

2011 жылы Беларусь экономикасы дағдарысқа ұшырады. Мамырдың соңында үкімет ұлттық валюта – беларусь рубліне девальвация жүргізген соң елде тауар тапшылығы пайда болды.

Кейбір болжамдар бойынша, жыл соңына дейін елде инфляция 39 пайызға жетуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG