Accessibility links

Пәкістан АҚШ-тың бин Ладенге қарсы операциясын зерттейтін комиссия құрды


Усама бин Ладен өлтірілген үй. Абботтабад, Пәкістан, 3 мамыр 2011 жыл.

Усама бин Ладен өлтірілген үй. Абботтабад, Пәкістан, 3 мамыр 2011 жыл.

Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани мамыр айының басында осы елде АҚШ әскерилерінің «әл-Каида» жетекшісі Усама бин Ладенге қарсы жүргізген операциясының жай-жапсарын тексеретін тәуелсіз комиссия құруды бұйырды.

Бес адамнан тұратын комиссия жұмысына Пәкістан жоғарғы сотының судьясы Джавед Икбал жетекшілік жасайды.

Бұған дейін осы оқиға бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізуге шақырған Пәкістан парламенті мүшелері Усама бин Ладеннің полиция мен әскерилердің назарына түспей, соншама уақыт Пәкістанда қалай жасырын тұрып келгенін тексеру керектігін айтқан еді.

Депутаттар сонымен бірге шетелдік арнайы қызмет тобының Пәкістан үкіметіне ескертпестен Абботтабадта операция жүргізгенін де анықтау қажет деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG