Accessibility links

Полиция Астанадағы жарылыста өлген екінші адамды анықтағанын хабарлады


Жарылыс болған маңда тұрған ҰҚК абақтысының қақпасы. Астана, 24 мамыр 2011 жыл.
Жарылыс болған маңда тұрған ҰҚК абақтысының қақпасы. Астана, 24 мамыр 2011 жыл.
Қазақстан ішкі істер министрлігінің өкілі Қаламқас Темірова Астанада ұлттық қауіпсіздік комитеті абақтысы жанында автокөлікте болған жарылыстан өлген екінші адамның кім екендігі анықталғанын мәлімдеді.

«Ол адам - бұрын төрт рет сотталған, Павлодар облысының 34 жастағы тұрғыны. Соңғы рет қарақшылық шабуылы үшін сотталған. Ол ұзақ уақыт жаза мерзімін қамау мекемесінде өтеген», - деді Қаламқас Темірова бүгін брифингте. Бірақ әлгі адамның аты-жөнін айтқан жоқ.

Бұған дейін Қазақстан ішкі істер министрлігі қылмыстық полиция комитетінің төрағасы Жанат Сүлейменов Астанадағы жарылыста қаза болған екеудің бірі - Екібастұз қаласының тұрғыны Дмитрий Кельплер екенін айтқан еді.

Мамырдың 24-іне қараған түні ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астанадағы абақтысы маңында автокөлікте жарылыс болып, сол жерден екі адамның сүйектері табылғаны туралы Азаттық радиосы хабарлаған.

Ішкі істер министрлігі «бұл оқиға террорлық акция емес» дейді.
XS
SM
MD
LG