Accessibility links

АҚШ Гуантанамо түрмесінде отырған бес адамға қайтадан айып тақты


Халид Шейх Мохаммед. 2003 жылғы сурет.
Халид Шейх Мохаммед. 2003 жылғы сурет.
АҚШ билігі 2001 жылы қыркүйектің 11-інде Нью-Йорк пен Вашингтонға жасалған террорлық шабуылдарға қатысы бар деген күдікпен қазір Гуантанамо әскери базасындағы түрмеде отырған Халид Шейх Мохаммед пен тағы төрт адамға террорлық іс-әрекет және кісі өлтіру қылмыстары бойынша қайтадан айып тақты.

Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрлігі хабарлады.

11 қыркүйектегі шабуылға қатысты айыптар бұл бесеуіне осыған дейін де тағылған болатын. Алайда президент Барак Обаманың әкімшілігі Гуантанамода қамауда отырған олардың ісін қарауды азаматтық соттарға беруді ұйғарған соң, 2009 жылы оларға тағылған айып алынып тасталған еді.
XS
SM
MD
LG