Accessibility links

Беларусьтің кемінде 3,5 миллиард доллар қарыз алу жоспары бар


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Беларусь үкіметі халықаралық валюта қорынан 3,5 миллиардтан 8 миллиард долларға шейін көлемде несие алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін журналистерге Беларусь премьері Михаил Мясникович мәлімдеді.

Беларусь үкіметі мен ұлттық банкі қарыз сұрап, халықаралық валюта қорына өтініш жолдаған.

2011 жылы Беларусь экономикасы дағдарысқа ұшырады. Мамырдың соңында үкімет ұлттық валюта – беларусь рубліне девальвация жүргізген соң елде тауар тапшылығы пайда болды.

Кейбір болжамдар бойынша, жыл соңына дейін елдегі инфляция 39 пайызға жетуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG