Accessibility links

НАТО Ливияғы қарсы операция мерзімін ұзартты


Әуе соққысынан кейінгі көрініс. Триполи, 17 мамыр 2011 жыл.
Әуе соққысынан кейінгі көрініс. Триполи, 17 мамыр 2011 жыл.
Бүгін НАТО одағы Ливияға қарсы операция мерзімін тағы 90 күнге ресми түрде ұзартты.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің мәлімдемесінде ұйымның «істі соңына дейін жеткізуді» көздейтіндігі айтылған.

НАТО басқарған халықаралық күштер Біріккен ұлттар ұйымының бейбіт халықты қорғау туралы қарарына сүйеніп, Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиге қарсы әуе соққыларын наурыз айында бастаған еді.

Әуеден қолдау көрсетіліп отырғандығына қарамастан, әзірше Ливия көтерілісшілері жеңіске жете қойған жоқ. Ливия үкіметі НАТО күштерінің соққысынан бейбіт халықтың зардап шегіп жатқандығын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG