Accessibility links

Ресей Еуропа одағынан жас көкөніс әкелуге уақытша тыйым салды


Жұқпалы ішек дертін қоздыратын E. coli бактериясы.

Жұқпалы ішек дертін қоздыратын E. coli бактериясы.

Ресейде бүгіннен бастап Еуропа одағына мүше барлық елдерден жас көкөніс импортына уақытша тыйым салынды. Ресей бұған дейін мұндай шектеуді тек Германия мен Испанияның көкөніс өнімдеріне ғана қатысты енгізген еді.

Бұл шара еуропалық кейбір мемлекеттерде, соның ішінде әсіресе Германияда жұқпалы ішек дертінің тарауына байланысты қолға алынып отыр.

Әзірше түп-төркіні белгісіз жұқпалы ішек ауруына шалдыққандар Еуропаның тоғыз мемлекетінде, ал көпшілігі Германияда тіркелді.

Осы кезге дейін бұл дерттен 16 адам көз жұмды.
XS
SM
MD
LG