Accessibility links

Пәкістандық 23 сарбаз бүлікшілермен ұрыста мерт болды


Үкімет күштері тауға жасырынған бүлікшілерді зеңбіректен атқылап жатыр. Пәкістан, 1 маусым 2011 жыл.

Үкімет күштері тауға жасырынған бүлікшілерді зеңбіректен атқылап жатыр. Пәкістан, 1 маусым 2011 жыл.

Пәкістан полициясы елдің солтүстік-батысында Ауғанстанмен шекаралас аймақтағы бақылау бекетіне сәрсенбіде 200-ге жуық бүлікшінің жасаған шабуылынан кемінде пәкістандық 23 сарбаздың қаза болғанын хабарлады.

Бір тәулікке жуық жалғасқан ұрыс барысында бүлікшілер жағынан да оққа ұшқандар болған дейді жергілікті билік орындары. Бірақ қанша бүлікшінің көз жұмғаны белгісіз.

Хабарларға қарағанда, Пәкістан бекетіне шабуылдаған қарулы топ Ауғанстаннан өткен.
XS
SM
MD
LG