Accessibility links

Google өзінің пошта қызметіне қытай хакерлері шабуыл жасағанын мәлімдеді


Қытай хакерлері Gmail пошта қызметінің жүздеген аккаунттарын бұзып ашқаны туралы осы пошта қызметінің иесі – Google компаниясы мәлімдеді.

Хакерлердің ісінен америкалық жоғары лауазымды шенеуніктердің, әскерилер мен журналистердің электронды пошта жәшіктері зардап шеккен.

Бірақ Google компаниясы бұл шабуылдың нақты кімге қарсы жасалғаны туралы, бұзылған пошта жәшіктерінде қандай ақпараттар болғаны жөнінде ештеңе айтпайды.

Google бұдан бір жарым жыл бұрын өзіне қарсы интернет арқылы үлкен шабуыл жасады деп Қытайды кінәлаған болатын.
XS
SM
MD
LG