Accessibility links

Жапон парламенті премьер-министрді оппозицияға жығып бермеді


Жапон премьер-министрі Наото Кан.

Жапон премьер-министрі Наото Кан.

Жапония премьер-министр Наото Канға сенімсіздік танытуға шақырған оппозицияның ұсынысы парламенттен өтпей қалды. Бүгінгі дауыс беру нәтижесі парламенттегі көпшіліктің үкіметті қолдайтынын көрсетті.

Премьерге сенімсіздік білдіру туралы мәселені парламентте дауысқа салуды енгізген - оппозициялық үш партия. Олар премьер-министр Кан басқарған үкіметті наурыздың 11-і болған зілзала мен «Фукусима-Дайичи» атом электр станциясындағы апат салдарын жою ісінде сылбырлық танытты деп кінәлады.

Парламенттің төменгі палатасында үкіметке сенім мәселесі бойынша депутаттардың дауыс берместен бұрын премьер Наото Кан зілзала мен атом электр станциясындағы апат салдары жойылып, ел дағдарыстан оңалған соң өзінің отставкаға кетуге әзір екендігін мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG