Accessibility links

Рустам Махмудовқа Анна Политковскаяның өліміне қатысты айып тағылды


Ресей құқық органдары іздеу жариялаған Рустам Махмудовтың Интерпол сайтындағы суреті.

Ресей құқық органдары іздеу жариялаған Рустам Махмудовтың Интерпол сайтындағы суреті.

Бүгін Ресей тергеу комитеті сол елдің азаматы Рустам Махмудовқа журналист Анна Политковскаяның өліміне байланысты айып тағылғанын хабарлады.

Тергеу комитеті күдіктінің журналисті атып өлтіргенін дәлелдейтін айғақ-дәйектердің жеткілікті екендігін айтады. Махмудовқа төрт бап бойынша айып тағылған. Сонымен бірге тергеушілер 1990 жылдары Мәскеуде жасалған өзге қылмыстарға да оның қатысы бар деген күдік келтіріп отыр.

Ресей құқық орындары тарапынан іздеуде болған Рустам Махмудовтың дүйсенбінің кешінде Шешенстанда ұсталғанын Азаттық радиосы хабарлаған еді.

Ресейде шығатын «Новая газета» басылымында істеген журналист Анна Политковская 2006 жылы қазанның 7-сі күні Мәскеудегі үйінің жанында атып өлтірілген. Көпшілік журналистің қазасына оның кәсіби қызметі себеп болған деген болжамды негізге алады.
XS
SM
MD
LG