Accessibility links

Көкшетау қаласындағы «КазРосИнвестпроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шағын несие ұйымының кеңсесі алдында тағы да жүздеген салымшы жиналды деп хабарлайды «Интерфакс-Казахстан» агенттігі.

Салымшылар шеру өткізуге рұқсат сұрап қала әкімдігіне өкілдерін жіберген. Салымшылардың бастамашы тобы Ақмола облыстық прокуратурасына жолдаған хатында «КазРосИнвестпроект» ЖШС-нің басшысы Бақыт Әділованы босатуды сұраған. Салымшылар оның жазығы жоқ деп санайды.

Бұған дейін заң орындары Бақыт Әділованы қылмыстық кодекстің 177-бабының 3-тармағына сәйкес («Ұйымдасқан топ құрамында аса ірі көлемде алаяқтық жасау») қозғалған қылмыстық іс бойынша ұстаған.

«КазРосИнвестпроект» ЖШС төңірегіндегі дау-дамай мамырдың 26-сынан бері басылмай отыр. Сол күні кәсіпорын кеңсесіне жоғарыда аталған қылмыстық іске байланысты тексеруге келген полицейлер мен ұйым басшылығын қорғаштаған салымшылар шекісіп қалған еді.
XS
SM
MD
LG