Accessibility links

БҰҰ комиссиясы: Ливиядағы жауласқан екі тарап та әскери қылмыстарға кінәлі


Үкімет әскері мен көтерілісшілер арасындағы ұрыстан бүлінген ғимарат. Мисурата, Ливия, 22 мамыр 2011 жыл.

Үкімет әскері мен көтерілісшілер арасындағы ұрыстан бүлінген ғимарат. Мисурата, Ливия, 22 мамыр 2011 жыл.

Біріккен Ұлттар Ұйымы адам құқығы жөніндегі кеңесінің комиссиясы Ливияда өзара жауласып соғысып жатқан екі тарап та әскери қылмыстар үшін кінәлі деп мәлімдеді.

Комиссияның баяндамасында көтерілісшілер тарапынан жасалған әлгіндей қылмыстар жайлы дерек-дәйектер көп болмаса да, ондайға жол берілгені айтылған.

Бұл құжат БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңесінде маусымның 6-ы күні қаралады. Комиссия биыл ақпан айында, Ливияда Муаммар Каддафиге бағынышты әскердің бейбіт тұрғындарға шабуылынан соң құрылған.

Кеше көтерілісшілер қолындағы Бенгази қаласында қонақүй жанында автокөлікте жарылыс болғаны хабарланды. Одан ешкім зардап шекпеген.

Сәрсенбіде Италия астанасында баспасөз мәслихатын өткізген Ливияның мұнай өнеркәсібі министрі Шүкри Ганем Муаммар Каддафимен ат құйрығын үзетінін мәлімдеді. Өткен айдың ортасында Ганемнің отбасымен бірге Ливияны тастап шыққаны туралы ақпарат тараған еді.
XS
SM
MD
LG