Accessibility links

Абхазия Сергей Багапшты ақтық сапарға шығарып салды


Сергей Багапш.

Сергей Багапш.

Грузияның өзін-өзі тәуелсіз мемлекет деп жариялаған жікшіл аймағы Абхазия халқы бүгін президент Сергей Багапшты ақтық сапарға шығарып салды.

Қоштасу рәсіміне бүгін Абхазияға алдын ала айтпастан келген Ресей премьер-министрі Владимир Путин де қатысты.

Марқұмның сүйегі туған жері Джгерда ауылында жерленді.

62 жастағы Сергей Багапш өкпесіне жасалған операциядан соң күрт нашарлап, өткен жексенбіде Мәскеу ауруханасында қайтыс болған еді. Абхазия соңғы үш күн бойы оны жоқтап аза тұтты.

Халықаралық қауымдастық мойындамаған Абхазия елі басшысының жаңа сайлауы өткенге дейін президент міндетін үш айдай уақыт вице-президент Александр Анкваб атқарады.
XS
SM
MD
LG