Accessibility links

Адвокаты Ратко Младичтің 2009 жылы Белград ауруханасында емделгенін айтты


Ратко Младичтің ұсталғаннан кейінгі суреті. Белград, 28 мамыр 2011 ж.

Ратко Младичтің ұсталғаннан кейінгі суреті. Белград, 28 мамыр 2011 ж.

Босниялық серб әскерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Ратко Младич осыдан екі жыл бұрын Белград ауруханасында жасырын емделген. Бұл туралы Младичтің адвокаты Милош Шальич мәлімдеді.

Бұл сөзінің шындық екендігін дәлелдейтін құжаттар барын айтқан адвокот Младич ем алған аурухана мен дәрігердің аты-жөнін атаудан бас тартты.

Гаага халықаралық трибуналы 69 жастағы Ратко Младичтің ісін қарауды ертең бастайды. Младич Гаагаға сейсенбі күні Белградтан әкелінген болатын.

Ратко Младичке 1990-жылдардың ортасында Босниядағы азамат соғысы кезінде «адамзатқа қарсы қылмыс жасаған» деген айып тағылған. Ол 15 жыл бойы қашып жүріп, өткен аптада Сербияда ұсталған соң Гаага халықаралық трибуналына тапсырылды.
XS
SM
MD
LG