Accessibility links

«Лашкар-э-Таиба» тобы АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді»


АҚШ ішкі қауіпсіздік істері жөніндегі министрі Джанет Наполитано.
АҚШ ішкі қауіпсіздік істері жөніндегі министрі Джанет Наполитано.
АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік істері жөніндегі министрі Джанет Наполитано Пәкістанда орналасқан «Лашкар-е-Таиба» радикалды исламшыл тобын АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін ұйым ретінде атады.

Құрылымы мен қуаты жағынан бұл топ 2001 жылы АҚШ-қа террорлық шабуылды ұйымдастырған «әл-Қаида» ұйымынан кем соқпайды деп мәлімдеді министр Наполитано.

Үндістан билігі «Лашкар-э-Таиба» тобын 2008 жылы Мумбайға жасалған террорлық шабуылды ұйымдастырған деп айыптайды. Ол шабуылдан 160-тан аса адам мерт болған еді.
XS
SM
MD
LG