Accessibility links

Алматыда өткен түнде жер сілкінісі тіркелді


Іле Алатауы. (Көрнекі сурет)

Іле Алатауы. (Көрнекі сурет)

Алматыда өткен түні MSK-64 бағамы бойынша күші 2-3 балдық жер асты дүмпулері тіркелді деп хабарлады Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан сейсмология институтының деректері бойынша, маусымның 3-інде түнгі сағат 3-тен 6 минут өткенде тіркелген жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 152 шақырым жерде орналасқан.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
XS
SM
MD
LG