Accessibility links

АҚШ оппозиция белсендісінің өліміне Иран билігін айыптады


Иран оппозициясының белсендісі Халех Сахаби.

Иран оппозициясының белсендісі Халех Сахаби.

АҚШ үкіметі иран оппозициясының белсендісі Халех Сахабидің қазасы үшін Иран билігін айыптады.

Вашингтон Сахабидің өлімінің жай-жапсарын анықтау үшін тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырып отыр. АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Марк Тонер ирандық оппозиция белсендісінің «қауіпсіздік күштерімен қақтығыстан соң қаза болғаны» туралы хабар тарап отырғанын атап айтты.

Иран билігі Халех Сахаби «жүрек талмасынан қайтыс болған» дегенді алға тартады.

54 жастағы әйел сәрсенбі күні әкесін жерлеу кезінде кенеттен қайтыс болған еді. Иран билігі 2009 жылы жазда өткен президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспеген оппозицияның жаппай наразылығына қатысқаны үшін абақтыға қамаған Халех Сахабиге әкесін жерлеуге қатысуға рұқсат берген болатын.
XS
SM
MD
LG