Accessibility links

Удмуртиядағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан 28 адам зардап шеккен


Башқұртстандағы қару-жарақ қоймасындағы өрт. 25 мамыр 2011 жыл.

Башқұртстандағы қару-жарақ қоймасындағы өрт. 25 мамыр 2011 жыл.

Удмуртиядағы Пугачево кентінде бейсенбінің кешінен бері өртеніп жатқан қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 28-ге жеткен, олардың 8-і ауруханада жатыр деп хабарлайды Ресей төтенше жағдайлар министрлігі.

Министрліктің ақпараты бойынша, қоймадағы қару-жарақ әлі де жарылып жатқандықтан өрт сөндірушілер оның маңайына жолай алмай отыр.

Билік орындары жарылыс болып жатқан қару-жарақ қоймаларының төңірегіндегі он шақырым аумақтан тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшірген.

Удмуртия мен Татарстанда 28 мыңнан аса тұрғын басқа жерге көшірілгені хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG