Accessibility links

АҚШ-та E.coli вирусын жұқтырған үш адам анықталды


Германия медициналық зерттеу институтының өкілі E.coli жұқпалы вирусын көрсетіп тұр.
Германия медициналық зерттеу институтының өкілі E.coli жұқпалы вирусын көрсетіп тұр.
Адам өмірі үшін өте қауіпті дертті жұқтырған үш адамның да жақында Германияда сапармен болып, АҚШ-қа оралғаны хабарланып отыр.

E.coli вирусы Еуропада 1,5 мың адамға жұққан. Осы кезге дейін бұл дерттен 18 адам (Германияда – 17, Швецияда – 1 адам) көз жұмған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, аса қатерлі жұқпалы ішек ауруына себепкер - бұған дейін белгісіз болып келген бактерия. Мамандардың оның түп-төркіні қайдан шыққанын дәл тауып айта алмай отыр, алайда бұл дерт жас көкөніс арқылы жұғады деген күдік басым.

Ресей кешеден бастап Еуропа одағына мүше барлық елдерден жас көкөніс импортына уақытша тыйым салынды.
XS
SM
MD
LG