Accessibility links

Гаага сотында Ратко Младичтің ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды


Ратко Младич Гаага халықаралық сотында отыр. 3 маусым 2011 ж.

Ратко Младич Гаага халықаралық сотында отыр. 3 маусым 2011 ж.

Бүгін Гаага халықаралық трибуналы босниялық серб әскерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Ратко Младичтің ісі бойынша алдын ала тыңдауды бастады.

Қазір бұл сот процесі «Еуроньюс» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Ратко Младичке 11 баптан тұратын айыптар тағылмақ. Олардың арасында 1990-жылдардың ортасында Босниядағы азамат соғысы кезінде «адамзатқа қарсы қылмыс жасаған» деген айып та бар.

Сейсенбі күні Белградтан Гаагаға әкелінген 69 жастағы Ратко Младич 15 жыл бойы қашып жүріп, өткен аптада Сербияда ұсталған болатын.
XS
SM
MD
LG