Accessibility links

Йемен астанасында оппозиция жақтастарын жерлеуге мыңдаған адам жиналды


Үкіметке қарсы наразылық шеруі. Ибб қаласы, Йемен, 30 мамыр 2011 жыл.
Үкіметке қарсы наразылық шеруі. Ибб қаласы, Йемен, 30 мамыр 2011 жыл.
Йемен астанасы Сана қаласында президент Әли Абдолла Салехтің режиміне қарсы бас көтерген жергілікті ықпалды тайпа көсемдерінің бірі Шейх Садық әл-Ахмедті қолдап, үкімет күшімен ұрыста қаза болған 50 адамды жерлеуге бүгін мыңдаған кісі жиналды.

Осының алдында бүгін Сана қаласында үкіметтің қауіпсіздік күштері билікке наразылық білдіріп шеруге шыққандарға оқ атып, кемінде жеті адамның жараланғаны туралы ақпарат тараған еді.

Йеменде елді отыз жылдан астам үздіксіз басқарып отырған президент Салехтің билігіне қарсы жаппай толқу басталған ақпан айынан бері 350-ден аса адам мерт болды.

Осыған дейін Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесі елдегі жағдайды реттеу үшін Йемен президентін билікті бейбіт жолмен тапсыруға көндіруге үш мәрте талпыныс жасағанымен, үшеуінде де Салех олардың ұсынысын қабылдаудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG