Accessibility links

Досқалиевті емдеген дәрігерлерге қарсы тергеу ісі уақытша тоқтады


Жақсылық Досқалиев (сол жақта) балдаққа сүйеніп сот ғимаратынан шығып келеді. Астана, 27 мамыр 2011 ж.

Жақсылық Досқалиев (сол жақта) балдаққа сүйеніп сот ғимаратынан шығып келеді. Астана, 27 мамыр 2011 ж.

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісі бойынша дәрігерлерге қарсы қозғалған қылмыстық істі тергеу уақытша тоқтатылды деп хабарлады бүгін Қазақстан қаржы полициясы төрағасының орынбасары Андрей Лукин.

«Жалған қорытынды берген, оған қоса, оның өтірік ауырған болып көрінуіне септескен ұлттық медициналық орталықтың қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл қылмыстық іс қазір уақытша тоқтатылып тұр», - деді Лукин бүгін Астанада журналистердің сұрағына жауабында. Алайда ол істің неге тоқтатылып тұрғаны жайлы ашып айтпады.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті қаржы полициясы былтыр күзде ұстаған болатын. Алғашқы жауап алу кезінде Досқалиев ауруханаға жеткізілді. Кейін қаржы полициясы оны «қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатымен өтірік ауырған кейіп танытты» деп кінәлады.

Жақсылық Досқалиевке «билігін асырып», «қызмет бабын теріс мақсатқа пайдаланды» және «аса ірі көлемде пара алып», «бюджет қаржысын қымқырды» деген айыптар тағылды.

Мамырдың 19-ы күні Астанада Жақсылық Досқалиевтің ісі бойынша алқабилер сотының тыңдауы басталды. Былтыр күзден бері абақтыда отырған экс-министрді сот үйқамаққа ауыстырды.
XS
SM
MD
LG