Accessibility links

Теңізде суға кеткен ливиялық 150 адамның денелері табылды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Жерорта теңізінде апатқа ұшырап, суға батқан кемеде болған ливиялық 150 азаматтың денелері табылды деп хабарлады бүгін Біріккен ұлттар ұйымы босқындар ісі жөніндегі агенттіктің өкілі Адриан Эдвардс.

Ол сәрсенбі күнгі қайғылы оқиғаны биыл Жерорта теңізінде болған «ең ауыр кеме апаты» деп бағалады. Агенттіктің деректері бойынша, суға батқан кемеде болған 850 адамның кемінде 578-і тірі қалған.

Сәрсенбі күні Тунистен Италияны бетке алып шыққан кеме ауа райының бұзылуы салдарынан Жерорта теңізінің Тунис жағалауына жақын Керкенн аралдары тұсында апатқа ұшырап су түбіне кеткені туралы Азаттық радиосы бұған дейін хабарлаған болатын.

Кемеде негізінен ливиялық босқындар болған.
XS
SM
MD
LG