Accessibility links

Йеменде президент және өзге де жоғары лауазымды шенеуніктер жараланған


Йемен президенті Әли Абдолла Салех. Сана, 25 мамыр 2011 ж.

Йемен президенті Әли Абдолла Салех. Сана, 25 мамыр 2011 ж.

Йеменде президент Әли Абдолла Салех және елдің өзге де жоғары лауазымды шенеуніктері, солардың арасында премьер-министр мен парламент спикері жараланғаны туралы ақпарат тарады. Президент Салех жеңіл жараланған деп хабарланды.

Жоғары лауазымды шенеуніктер президент Салехтің режиміне қарсы бас көтерген жергілікті ықпалды тайпа көсемдерінің бірі Шейх Садық әл-Ахмедті қолдаушылардың үкімет күштеріне ұрысы барысында, президент сарайын атқылаған кезде зардап шеккен.

Бұның алдында Шейх Садық әл-Ахмедті қолдаушылардан қарулы қақтығыста қаза болған 50 адамды жерлеуге ел астанасы Сана қаласында бүгін мыңдаған адам жиналған еді.

Йеменде елді отыз жылдан астам үздіксіз басқарып отырған президент Салехтің билігіне қарсы жаппай толқу басталған ақпан айынан бері 350-ден аса адам мерт болды.

Осыған дейін Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесі елдегі жағдайды реттеу үшін Йемен президентін билікті бейбіт жолмен тапсыруға көндіруге үш мәрте талпыныс жасағанымен, үшеуінде де Салех олардың ұсынысын қабылдаудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG