Accessibility links

Йемен президенті емделу үшін шетелге кетті


Йемен президенті Әли Абдулла Салех.

Йемен президенті Әли Абдулла Салех.

Жұма күні президент сарайына жасалған шабуылдан жараланған Йемен президенті Әли Абдулла Салех емделу үшін Сауд Арабиясына кетті.

Елді 30 жылдан астам уақыт басқарып отырған Салехке қарсы наразылық шаралары жалғасып жатыр. Йемендегі шерушілер Тунис пен Египеттегі президенттерді биліктен кетірген көтерілістерден жігерленген болатын. Соңғы апталарда тайпалы жауынгерлер де белсенділік танытып отыр.

Елдегі зорлық-зомбылықтардан көптеген адам мерт болды. Йемендегі халықтың шамамен 40 пайызы күніне 2 доллардан аз ақшаға күн көреді.
XS
SM
MD
LG