Accessibility links

Тяньаньмэнь қырғынын еске алу шарасынан кейін 53 адам ұсталды


онконгтың Виктория саябағындағы еске алу шарасы. 4 маусым 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

онконгтың Виктория саябағындағы еске алу шарасы. 4 маусым 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресми өкілдердің айтуынша, Гонконг полициясы Тяньаньмэнь қырғынының 22 жылдығын атап өту шарасынан кейін 53 шерушіні тұтқындаған.

Қамауға алынғандар 1989 жылғы құрбандарды еске алу шарасынан кейін полиция бекеті жанында шеру ұйымдастырған 200 адамның арасында болған. Олар белгілі суретші Ай Вейвейдің қамаудан босатылуын талап еткен көрінеді. Полиция билік орындары бұл шеруге рұқсат бермеген болатын дейді.

1989 жылы маусымның 4-де Бейжіңнің Тяньаньмэнь алаңында наразылық танытқан демократияшыл шерушілерді Қытай үкімет күштері басып жаншыған болатын. "Тяньаньмэнь қырғыны" деп аталып кеткен оқиғаларда жүздеген студент мерт болған еді.
XS
SM
MD
LG