Accessibility links

Молдовада жергілікті сайлауларда коммунистер көпшілік дауыс алды


2011 жылы маусымның 5-і күні Молдовада жергілікті билік органдарының сайлауы өтті.
2011 жылы маусымның 5-і күні Молдовада жергілікті билік органдарының сайлауы өтті.
Молдовада жергілікті билік органдарының сайлауында көптеген аймақтарда ел азаматтары оппозициялық коммунистер партиясына дауыс берl3.

Бұл туралы бүгін Молдова орталық сайлау комитетінің жетекшісі Юрий Чокан мәлімдеді. Оның айтуынша, мәселен, елдегі екінші үлкен қала - Бельцы сайлаушылары қала әкімі мен муниципалдық кеңес мүшелеріне коммунистер лайықты деп тапқан.

Сол сияқты Кишинев қалалық кеңесіндегі көпшілік орындар да коммунистерге бұйырды, алайда оларға бәсекелес күштердің жиынтық санын қосқанда коммунистерге жетеғабыл.

Кишинев қаласының басшысы болуға қазіргі мэр Дорин Киртоакэ мен коммунист Игорь Додон бәсекеге түсіп отыр. Сайлау қорытындысы бүгін белгілі болмақ.
XS
SM
MD
LG