Accessibility links

Е.coli дертіне жас бұршақ сабақтары себепкер болуы мүмкін деген күдік бар


E. coli бактериясы.

E. coli бактериясы.

Е.coli штамы қоздыратын өте қауіпті жұқпалы ішек дертіне Германияның солтүстігіндегі фермалардың бірінде өсірілетін жас бұршақтың балауса сабақтары себепкер болуы мүмкін деген күдік айтылып отыр.

Бұл туралы алғашқы сынақ қорытындысынан соң Төменгі Саксония жерінің ауыл шаруашылық министрі Герт Линдеманн айтты.

Гамбург пен Ганновердің екі ортасындағы Уэлзен ауданындағы фермадағы өсімдіктердің әртүрлі сабақтары тексеруге жіберіліп, осы фермадан дәмханалар мен дүкендерге жіберілген көкөністердің барлығы қайтарып алынды.

Биыл жаңадан пайда болған ішек дертінен күні бүгінге дейін 22 адам көз жұмып, 2200-ден аса адам ауруға шалдыққан. Бұл оқиғалардың басым көпшілігі Германияда тіркелген.
XS
SM
MD
LG