Accessibility links

АҚШ әскери ұшағы Пәкістанда 14 бүлікшінің көзін жойды


АҚШ-тың өздігінен ұшатын әскери ұшағы.
АҚШ-тың өздігінен ұшатын әскери ұшағы.
АҚШ-тың өздігінен ұшатын әскери ұшағының соққысынан бүгін Пәкістанның солтүстік-батысында кемінде 14 бүлікшінің көзі жойылғаны хабарланды.

Пәкістан қауіпсіздік күштері елдің Оңтүстік Вазиристан таулы аймағында екі зымыран соққысынан қаза болған бірнеше кісінің арасында шетелдік жалдамалылар да бар деген деректер келтіреді.

Жұма күні дәл осындай әуе соққысы нәтижесінде «әл-Каиданың» танымал қолбасшыларының бірі саналатын Ильяс Кашмиридің қаза болғаны туралы ақпарат тараған еді.

Жексенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысында 20-дан аса адамның өмірін қиып, ондаған адамды жаралаған екі жарылысты өз мойнына алған пәкістандық тәліптер бұны Ильяс Кашмиридің өлімі үшін кек алу деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG