Accessibility links

Кишинев қаласы мэрінің сайлауында коммунист жеңіске жетті


2011 жылы маусымның 5-і күні Молдовада жергілікті билік органдарының сайлауы өтті.

2011 жылы маусымның 5-і күні Молдовада жергілікті билік органдарының сайлауы өтті.

Соңғы мәліметтер бойынша, Молдова астанасы Кишинев қаласы мэрінің сайлауында коммунистер партиясынан түскен Игорь Додонның жеңіске жеткені белгілі болды.

Оны қолдап сайлаушылардың 52 пайызы дауыс берген. Ал бұл сайлауда Додонның негізгі бәсекелесі, бүгінге дейін Кишинев қаласының мэрі болып келген Дорин Киртоакэ сайлаушылардың 43 пайызының қолдауына ие болған.

Молдова орталық сайлау комитетінің деректері бойынша, жексенбі күні өткен жергілікті билік органдарының сайлауында елдің көптеген аймақтарында оппозициялық коммунистер партиясы басым түскен.

Молдованың екінші үлкен қаласы - Бельцы сайлаушылары да қала әкімі мен муниципальдық кеңес мүшелеріне коммунистер лайықты деп тапқан.
XS
SM
MD
LG