Accessibility links

Ирактың Тикрит қаласында жанкештілік шабуылдан 17 адам өлген


Жеке меншік қауіпсіздік күштері жарылыс болған жерді күзетіп тұр. Бағдат, 6 маусым 2011 ж.
Жеке меншік қауіпсіздік күштері жарылыс болған жерді күзетіп тұр. Бағдат, 6 маусым 2011 ж.
Бүгін Тикрит қаласындағы Ирактың бұрынғы диктаторы Саддам Хусейн тұрған сарай алдындағы тексеру бекетінде жанкешті автокөліктегі жарылғыш затты іске қосқан. Соның салдарынан кемінде 17 адам қаза болған.

Бұл сарайда бірнеше қауіпсіздік қызметінің кеңселері орналасқан. Жергілікті билік орындарының хабарлауынша, қаза тапқандардың көпшілігі - қауіпсіздік қызметінің адамдары.

Бұған дейін бүгін таңертең Ирак астанасында автокөлік мінген белгісіз біреулер екі бақылау бекетіне қарудан оқ жаудырып, төрт адамды мерт еткені хабарланған еді.

Осылайша бүгін Иракта 21 адам қастандық құрбаны болды.
XS
SM
MD
LG