Accessibility links

Франция БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне Сирия туралы қарар жобасын ұсынбақ


Франция сыртқы істер министрі Ален Жюппе.
Франция сыртқы істер министрі Ален Жюппе.
Франция Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесіне Сирия билігін айыптайтын қарар жобасын ұсынбақшы. Бұл туралы Франция сыртқы істер министрі Ален Жюппе мәлімдеді.

Оның айтуынша, "Сирия басшылығының саяси оппозицияға қарсы іс-әрекеті жүздеген адамның өліміне ұласқандықтан президент Башар Асадтың билігі заңдылығын жоғалтты".

Әйткенмен Ален Жюппе БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде Сирияға қатысты қарар жобасын қабылдауға Ресей қарсы болуы мүмкін екендігін айтты. Өткен айда Ресей Батыс мемлекеттерінің әлгіндей бастамасына қарсылық білдіріп, оны "Сирияның ішкі ісіне қол сұғу" деп бағалаған еді.

Сирияда билікке наразы жұрт пен үкімет күштері арасындағы тайталас бірнеше айға жалғасып отыр. Осы уақыт ішінде елде мыңнан астам адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG