Accessibility links

Астанада іскер әйелдер мен жас көшбасшылар форумы ашылды


Астанадағы Тәуелсіздік сарайы. 24 қараша 2009 жыл.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайы. 24 қараша 2009 жыл.

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында іскер әйелдер мен жас көшбасшылар форумы ашылды.

Онда Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының төрағасы Тун Муса Хитам сөз сөйледі.

«Біз осы 10 жылдықтың соңына қарай ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 40 пайызға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін біз білім беруді жақсартып, бизнестегі әкімшілік кедергілерді төмендетіп жатырмыз», – деді Кәрім Мәсімов.

Ол қазіргі кезде Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің үштен бір бөлігін бизнес қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Бұл салада бүгінде 3 миллионнан аса адам еңбек етіп жатыр деді премьер-министр.

«Ғаламдық экономикалық даму: қарым-қатынас, бәсекелестік, ынтымақтастық» тақырыбымен өтетін VII Дүниежүзілік ислам экономикалық форумында ислам банкингін, қаржы инфрақұрылымын, шағын және орта бизнесті, балама қуат көздерін, «халал» өнеркәсібін дамыту және тағы басқа мәселелер талқыланбақ.
XS
SM
MD
LG