Accessibility links

Қытай мен Ресей Ливия көтерілісшілерімен байланыс орнатып жатыр


Триполи көшесінде, Ливия, 29 мамыр 2011 жыл.

Триполи көшесінде, Ливия, 29 мамыр 2011 жыл.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер - Қытай мен Ресей Ливияда Муаммар Каддафидің билігіне қарсы күресіп жатқан көтерілісшілермен байланыс орната бастады.

Қытай өз дипломаттары Ливия көтерілісшілерінің орталығы Бенгази қаласына барғанын, көтерілісшілер құрған Ұлттық ауыспалы кеңеспен келіссөздер өткізгенін хабарлады.

Бұған дейін қытай дипломаттары Ливия көтерілісшілері жетекшілерінің бірі Мұстафа Әбдел Жалилмен кездескені хабарланған.

Ресей президенті Дмитрий Медведевтің арнайы өкілі Михаил Маргелов те Бенгазиде Ұлттық ауыспалы кеңес мүшелерімен кездеспек.

Биыл наурызда БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде Ливияның бейбіт халқын Муаммар Каддафи күштерінен қорғау үшін НАТО-ның Ливияға әуеден соққы беру мәселесі қаралғанда Қытай мен Ресей дауыс беруден қалыс қалған еді.
XS
SM
MD
LG