Accessibility links

Қазақстанда классикалық музыка беретін жаңа радио эфирге шықты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстанда классикалық музыка беретін «Classiс» атты жаңа радио эфирге хабар тарата бастады.

Қазақстан байланыс және ақпарат министрлігінің сайтындағы ақпаратта «Classic» - Орталық Азия кеңістігінде алғашқы рет классикалық музыка радиосы деп жазылған.

Жаңа радиостанция бағдарламасы академиялық сазды әуендермен қатар, қыркүйектен бастап түрлі авторлық радиобағдарламалар, сұхбаттар, атақты музыканттардың өмірінен сыр шертетін хабарлар мен жаңалықтардан құралмақ.

Сонымен бірге, радио эфиріне концерт залдары мен консерваторияның үлкен орган залынан тікелей концерттер беру жоспарланып отыр,

«Classic» радиосын алғашқы кезде тек Алматы аумағының тұрғындары, кейін спутниктік телевизияның цифрлық пакетінің құрамында барлық қазақстандықтар тыңдай алады деп хабарлайды Қазақстан байланыс және ақпарат министрлігі.
XS
SM
MD
LG