Accessibility links

АҚШ Йемендегі билікті дереу тапсыруға шақырды


Йемен вице-президенті Абд-Рабб Мансур Хади.

Йемен вице-президенті Абд-Рабб Мансур Хади.

АҚШ әкімшілігі Йемен президенті Әли Абдолла Салех Сауд Арабиясында емделіп жатқанда елдегі билікті дереу тапсыруға шақырды.

Ақ үй өкілі Джей Карни АҚШ Йемендегі режимнің бейбіт жолмен ауысуын қамтамасыз ететін кез-келген келісімді қолдайтындығын тағы қайталады.

Дүйсенбі күні Йемен оппозициясы елдегі билікті вице-президент Абд-Рабб Мансур Хадиге тапсыруды қолдайтынын мәлімдеген болатын. Шетелге емделуге кеткен Салех елге қайтып келгенше президенттің міндетін атқару Абд-Рабб Мансур Хадиге уақытша жүктелген.

Йемен президенті Салех өткен жұма күні ел астанасы Сана қаласындағы президент сарайын көтерілісшілер атқылаған кезде жараланған болатын. Жексенбі күні оған Сауд Арабиясында операция жасалғаны хабарланды.
XS
SM
MD
LG