Accessibility links

Сирия билігі көтерілісшілерді қатал жазалайтынын ескертті


Үкіметке қарсы наразылық шеруі. Хомс провинциясы, Сирия, 27 мамыр 2011 жыл.

Үкіметке қарсы наразылық шеруі. Хомс провинциясы, Сирия, 27 мамыр 2011 жыл.

Сирия билігі елдің солтүстігіндегі Джиср-эш-Шугур қаласында қауіпсіздік күштеріне шабуылдаған қарулы топқа қарсы "қатал шаралар қолданылатындығын" мәлімдеді.

Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары "соңғы тәулікте ол қалада 120 полиция қызметкері өлтірілді" деп хабарлады. Билік "қарулы бандиттер" деп атаған көтерілісшілердің әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасап, өрт қойғандары жарияланды.

Сирияда наразылық толқулары бірнеше айдан бері жалғасып жатыр. Содан бері мыңнан астам адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG