Accessibility links

Иранның әйел футболшылары Лондон Олимпиадасына қатыса алмайды


Футболдан Иранның әйелдер ұлттық құрамасы. Тегеран, 25 маусым 2009 жыл.
Футболдан Иранның әйелдер ұлттық құрамасы. Тегеран, 25 маусым 2009 жыл.
Футболдан Иранның әйелдер командасы 2012 жылы Лондонда өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. Оған команда ойыншыларының киімі себеп болды.

Адам денесін түгелдей жауып тұратын үлгіде тігілген ирандық әйел футболшылардың киімі халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) талаптарына сай келмейді деген уәж айтылып отыр.

Осындай киім үлгісі үшін іріктеу матчындағы Иордания командасымен жоспарланған ойынға Иранның футболшы қыздарын алаңға шығармай қойған ФИФА-ның ісіне өткен аптада Тегеран наразылық білдірген болатын.

ФИФА-ның мәлімдемесінде ирандық футболшылардың «басына орамал тартып алаңға шығуы қауіпсіздік талаптарына қайшы екендігінен Иран билігінің толық хабардар етілгені» айтылған.
XS
SM
MD
LG