Accessibility links

Павлодар облысында найзағайдан бірнеше жүз гектар жер өртенді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Павлодар облысындағы далалы жерде өрттің тұтануына көктен түскен жай себеп болған деп хабарлады Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Галкин ауылдық округінде 300 гектардан астам жер өртенген, Степной және Бауыртал орман шаруашылықтары да өрттен зардап шеккен.

Өрт сөндіріліп, шаруашылықтарға келген зардап көлемі анықталып жатыр деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG