Accessibility links

Өзбек текті құқық қорғаушы Мәскеуде соққыға жығылды


Құқық қорғаушы Бахром Хамроев
Құқық қорғаушы Бахром Хамроев
Танымал құқық қорғаушы Бахром Хамроев Мәскеуде соққыға жығылды деп хабарлайды Азаттық радиосының өзбек қызметі.

Ресейдегі адам құқықтары бойынша "Мемориал" ұйымында жұмыс істейтін Хамроев дүйсенбі күнгі шабуылдан кейін ауруханаға түскен. Өзбек текті құқық қорғаушыға Мәскеудегі пәтері жанында белгісіз біреу шабуылдаған. Полиция бұл оқиғаға қатысты тергеу бастады.

Ресей азаматы Хамроев соңғы алты ай ішінде осымен екінші рет соққыға жығылды. Полиция желтоқсан айында құқық қорғаушыға шабуыл жасағандарды таба алмады.
XS
SM
MD
LG