Accessibility links

Назарбаев: Ислам қоғамын қайта жаңғырту қажеттігі айқын байқалып отыр


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) Құрбан айт күні Алматының орталық мешітінде. 16 қараша 2010 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) Құрбан айт күні Алматының орталық мешітінде. 16 қараша 2010 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде ислам қоғамын қайта жаңғырту қажеттігі айқын байқалып отыр деп санайды.

Бұл туралы ол бүгін Астанада өтіп жатқан VII Дүниежүзілік ислам экономикалық форумында мәлімдеді.

«Ислам өзі дін ретінде дағдарысқа түспейді. Бұл қазіргі дүниедегі ең қарқынды тарап келе жатқан дін. Ислам дүниесінің бірнеше аймақтары дағдарысты басынан кешіріп жатыр. Қоғамды қайта жаңғырту - исламның өзінің негіздерін бұрмалау деген сөз емес. Ислам қоғамын қайта жаңғырту қажеттілігі айқын байқалып отыр», - деді Қазақстан президенті.

Назарбаев ислам қоғамын қайта жаңғырту ең әуелі технологиялық және ғылыми, экономикалық дамумен байланысты екенін айтады.

«Мұны тек ақиқатқа көз жұма қарайтындар ғана жоққа шығарады», - деді Назарбаев.
XS
SM
MD
LG