Accessibility links

Абхазия президентінің кезектен тыс сайлауы тамыздың 26-сына белгіленді


Грузияның өзін-өзі тәуелсіз мемлекет деп жариялаған жікшіл аймағы Абхазияда биыл тамыздың 26-сы күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Бүгін Абхазия парламенті осындай шешім қабылдағаны туралы ресейлік ақпарат агенттері хабарлап отыр.

Абхазия президенті 62 жастағы Сергей Багапш өкпесіне жасалған операциядан соң күрт нашарлап, мамырдың 29-ы күні Мәскеу ауруханасында қайтыс болған еді. Марқұмның сүйегі туған жері Джгерда ауылында жерленді.

Халықаралық қауымдастық мойындамаған Абхазия елі басшысының жаңа сайлауы өткенге дейін президент міндетін вице-президент Александр Анкваб уақытша атқарады.
XS
SM
MD
LG