Accessibility links

Мәскеу БҰҰ-ның Сирия билігін айыптайтын қарар қабылдауына қарсы


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесінің Сирия билігін айыптайтын қарар қабылдауына қарсы. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.

Оның айтуынша, Кремль БҰҰ Сирияда «қарулы қақтығыс туғызатын жағдай емес», қалыптасқан дағдарыстан саяси жолмен шығуға көмектесетін шешім табуға күш салуы тиіс деп санайды.

Бұған дейін Франция Сирияға қатысты осындай қарар жобасын БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне ұсынбақшы екендігі туралы Франция сыртқы істер министрі Ален Жюппе мәлімдеген еді.

Сирияда халық толқуы басылмай отырған соңғы үш айдың ішінде жүздеген адам мерт болды.
XS
SM
MD
LG