Accessibility links

АҚШ пен Германия басшылары Каддафиге қысымды жалғастыруға келісті


Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама. Ақ үй, Вашингтон, 7 маусым 2011 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама. Ақ үй, Вашингтон, 7 маусым 2011 жыл.

АҚШ пен Германия Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиді биліктен бас тартуға мәжбүр ету үшін оған қысым көрсетуді жалғастыра беруге келісті. Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама Вашингтонда Германия канцлері Ангела Меркельмен кездескеннен соң өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Кеше Ливия мемлекеттік телеарнасынан берілген Каддафидің сөзі жазылған аудиожазбада Ливия жетекшісі "өліспей беріспейтінін" мәлімдеген еді.

Кеше күндіз НАТО ұшақтары Триполиге әуеден тағы да соққы берді. Бұл жолы Муаммар Каддафидің резиденциясы орналасқан ауданның нысанаға айналғаны хабарланды.

Ливия үкіметі соңғы шабуылдан 30-дан аса адам құрбан болды деп хабарлады, алайда бұл деректі тәуелсіз ақпарат көздерінен анықтау әзірше мүмкін болмай отыр.
XS
SM
MD
LG