Accessibility links

«Амнести интернешнл»: Қырғызстанда этникалық қақтығыстың қайталану қаупі бар


«Амнести интернешнл» халықаралық құқық қорғау ұйымы жаңа баяндамасында Қырғызстанда этникалық негізде қақтығыстардың қайталану қаупі барын ескертіп отыр.

Ұйым сарапшыларының пікірінше, оған былтыр сол елде қырғыздар мен өзбектер арасында болған қақтығыстарға айыптылардың заң алдында жауапқа тартылмауы себеп болуы мүмкін.

Халықаралық құқық қорғау ұйымы қырғыз билігін бір жаққа бұра тартпай, заң ережелеріне сай әділ тергеу жүргізуге шақырып отыр.

Былтыр маусым айында Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош және Жалал-Абад облыстарында болған қақтығыстар салдарынан 470-тей адам құрбан болып, бірнеше жүздеген адам жараланды.

«Амнести интернешнл» халықаралық құқық қорғау ұйымы қақтығыстардан құрбан болғандар мен зардап шеккендердің басым көпшілігі этникалық өзбектер екендігін айтады.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG