Accessibility links

Әзербайжан Мүбәрәктің ескерткішін алып тастады


Хирдалан қаласындағы саябақта қойылған жаңа ескерткіш. 8 маусым 2008 жыл.
Хирдалан қаласындағы саябақта қойылған жаңа ескерткіш. 8 маусым 2008 жыл.
Әзербайжан билік орындары Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктің ескерткішін алып тастады.

Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, сейсенбі күні Хирдалан қаласындағы саябақтан Египеттің бұрынғы басшысының ескерткіші алынған. Оның орнына ежелгі египеттік адамның ескерткіші қойылды. "Әзербайжан-Египет достығы" деп аталатын саябақтың атауы сол күйінде қалды.

Мүбәрәктің ескерткіші 2007 жылы тұрғызылған болатын. Оппозиция мен жастар белсенділері ақпан айында биліктен құлатылған Мүбәрәктің ескерткішін алып тастауды талап еткен еді. Осы уақытқа дейін ол ескерткішті полиция күзетшілері қорғап келген болатын.
XS
SM
MD
LG