Accessibility links

Сенат Ауғанстанға әскер жіберу мәселесін талқыламақ


(Көрнекі сурет)

(Көрнекі сурет)

Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы - сенат бейсенбі күнгі отырысында Ауғанстанға әскер жіберу мәселесін талқылайды.

Маусымның 9-дағы сенат отырысының күн тәртібіне "Қазақстан мен НАТО арасындағы Ауғанстандағы қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің қызметіне қатысу жөніндегі келісімді" ратификациялау туралы заң жобасы енгізілді.

Мамырдың 18-де парламенттің төменгі палатасы - мәжіліс депуттары аталмыш заң жобасын мақұлдаған болатын.

Егер бұл заң жобасын сенат мақұлдап, президент оған қол қойса, Қазақстан пост-советтік Орталық Азияның Ауғанстанға әскер жіберетін бірінші еліне айналмақ.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ауған соғысының ардагерлері қазақстандық әскерилердің Ауғанстанға жіберілуіне қарсылық білдіріп, Қазақстан парламентін таратуға шақырған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG